Accessibility links

Қарағанды облысында полиция үш адамды қапқан қасқырды өлтірді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысында полиция үш адамды қапқан қасқырды өлтірді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Шара кезінде полиция қызметкерлері тұрғындарды жарақаттаған жабайы аңды байқап, көзін жойды" деп жазылған полиция хабарламасында.

Жергілікті "Вечерняя Караганда" телеграм-арнасының хабарлауынша, оқиға 21 желтоқсан таңғы сағат алты шамасында болған. Денсаулық сақтау басқармасы алғашында дәрігер көмегіне екі адам жүгінгенін хабарлады. Кейін ауруханаға тағы бір адам түскен. Басқарма "жаралар емделді, құтыруға қарсы дәрі егілді, бәрі амбулаториялық емге жіберілді" деп мәлімдеді.

Қарағанды облыстық полиция департаменті "полицейлер ветеринария басқармасымен бірге жабайы аңға қарсы шара қабылдап жатыр" деп хабарлаған. Ізінше қасқырдың өлтірілгені туралы ақпарат шықты. Ақпаратқа қарағанда, қасқыр иттер мен малдарға да тиген.

"Вечерняя Караганда" телеграм-арнасының жазуынша, Қарқаралы тұрғындарының көбі балаларын мектепке жібермеген.

XS
SM
MD
LG