Accessibility links

Алматы облысында газ жарылысынан зардап шеккен екі адам көз жұмды


Алматы облысы Гүлдала елді мекенінде болған газ жарылысынан зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі.

"Ауыр жарақаттың салдарынан 1991 жылғы науқас кеше (21 желтоқсан) таңертең көз жұмды. Ал 2003 жылғы әйел есін жимаған күйі түнде қайтыс болды" деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Аурухана өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендердің беті, мойны, қол-аяғы күйген.

17 желтоқсанда Алматы облысындағы бірнеше жеке үйде газ жарылған. Төрт адам зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, жарылысқа газ құбырындағы қысымның ауытқуы себеп.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG