Accessibility links

Тоқаев Прагадағы қайғылы оқиғаға байланысты Чехия президентіне көңіл айтты


Прагада жұрт оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойып жатыр. 22 желтоқсан 2023 жыл.
Прагада жұрт оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойып жатыр. 22 желтоқсан 2023 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Прагадағы университетке шабуылға байланысты Чехия президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін" деп жазылған жеделхатта.

21 желтоқсанда қарулы адам Прагадағы Карлов университетіне шабуылдап, 14 студент қаза тапты. Шабуылдаған адам да өлген. Сондай-ақ ол шабуыл алдында өзінің әкесін де атып тастағаны хабарланды.

23 желтоқсан Чехияда қаралы күн жарияланды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Прагадағы Карлов университетіне шабуылдан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлаған.

  • Чехияда 2021 жылдан бері азаматтардың қару ұстап жүрулеріне құқығы бар. Еуроодақ қару-жараққа қатысты заңды қатайтуды талап еткеннен кейін Конституцияға түзетулер енгізілген. Дегенмен елде тіркелген қару-жарақтардың саны көп емес: 2022 жылы 989 348 қару тіркелген. Чехияда 10,5 млн адам тұрады.
  • Прага әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG