Accessibility links

Башқұртстанда соғысқа қарсы шыққан белсенді бес жылға сотталды


Башқұрт белсендісі Рамиля Саитова (Галим)
Башқұрт белсендісі Рамиля Саитова (Галим)

Уфа қаласының соты соғысқа қарсы шыққан белсенді Рамилия Саитованы (Галим) бес жыл түрмеге кесті. Ол "мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған әрекетке үндеу" бабы бойынша кінәлі танылды. Сот сонымен бірге Саитованы 4 жыл сайт әкімшілігімен байланысты қызметпен айналысуына тыйым салды, яғни іс жүзінде ол интернетте өз атымен пікір жаза алмайды.

Idel.Реалии сайтының жазуынша, оның ұсталып, қамалуына мамырда Башқұртстанда мобилизацияға ұшырағандарға жасаған видеомәлімдемесі түрткі болған. Видеода Саитова әскерге алынған азаматтардың арасында "адам өлтіргісі келмейтіндер" болса, үйлеріне қайтуға үндеген. Тергеу болжамынша, белсенді осылайша "әскери қызметкерлерді әскерден қашуға" үндеген.

Сот процесі биыл тамызда басталған.

Саитова тағылған айыптармен келіспейді. Ол бұған дейін Башқұртсаннан соғысқа алынғандарға YouTube-те видеомәлімдеме жасағанын ғана мойындаған.

"Мен видеомәлімдеме жасағаныма өкінбеймін. Егер мен өз пікірімді айтпағанда, өзімді жеке тұлға ретінде жоғалтып алған болар едім. Үндемей қалу демек оған болысуды білдіретін жағдайлар болады" деді Саитова сотта.

  • 2021 жылы да белсенді "экстремизмге шақыру" бабы бойынша үш жыл түрмеге кесіліп, екі жылға сайт әкімшілігімен байланысты қызметпен айналысуына тыйым салынған. Ол кезде белсенді Башқұртстанды дехристианизациялауға үндеп, Армениядан келген мигранттарды еліне қайтаруды, маңызды тарихи нысандарды қайтаруды талап еткен.
XS
SM
MD
LG