Accessibility links

Байден АҚШ-тың қорғаныс бюджетіне қол қойды. Онда Украинаға көмек қарастырылған


Джо Байден
Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы ұлттық қорғанысқа 886 млрд доллар бөлу туралы заңға қол қойды.

"Заң болашақ қақтығыстардың алдын алу үшін қарулы күштерге қажет маңызды өкілет береді, сонымен бірге осы миссияны күн сайын атқаратын әскери қызметкерлер мен олардың отбасын қолдауға бағытталған" деп жазылған Байденнің мәлімдемесінде.

Өзге жайттармен қатар заң Үнді-Тынық мұхиты аймағында Қытайды тежеуге - 11,5 млрд доллар, сонымен бірге Ресей басқыншылығымен күресіп жатқан Украинаға 800 млн доллар бөлуді қарастырады.

Байден қазан айында конгрестен мақұлдауын өтінген 106 млрд долларлық бюджет траншы қабылданбады. Бұл пакетте Украинаға – 61 млрд доллар, Израильге 14 млрд доллар көлемінде әскери көмек қарастырылған. Құжатты қолдамайтын республикашылдар шекарадағы қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айтып отыр.

XS
SM
MD
LG