Accessibility links

Ғалымдар климат өзгерісінен құрып бара жатқан қызыл балықтарды арнайы орталықта өсірмек


Ғалымдарға ғаламдық жылыну нәтижесінде құрып бара жатқан тасманиялық қызыл "қол" балықтардың (Thymichthys Politus, Tasmainan red handfish) бір бөлігін мұхиттан сүзіп алуға рұқсат етті. Бұл жөнінде The Guardian басылымы жазды.

Теңіздің түбінде жүзу үшін жүзбеқанатын "қол" ретінде пайдаланатын аталған балықтың жүздеген данасы ғана қалған. Барлығы өзге аймаққа қарағанда суы төрт рет жылдам қызатын Тасмания жағалауларын мекендейді. Егер ешқандай шара қолданбаса, аталған балық 99 пайызға азаюы мүмкін дейді ғалымдар.

Әуелі ғалымдар 25 балықты ұстап, оларды Тасманиядағы теңіз және антарктикалық зерттеу институтында өсіріп көреді. Институт қызметкерлері балықтардың бейімделу жағдайын тексеріп, қажет болса қалғандарын да осы жерге әкелмек. Жылу толқындары жойылған кезде олар теңізге қайта жіберіледі.

Австралия үкіметі қызыл балықтар тіршілік ететін табиғи ортаны қалпына келтіру үшін 240 мың доллар бөлді.

  • Ғалымдар 2023-ті тарихтағы "ең жылы" мезгіл деп атады. БҰҰ метеорорологтары рекордтық температура көрсеткішін антропогенді климат өзгерісі мен Тынық мұхиттың экваториялық аумағындағы температураның жоғарылаумен байланыстырады.
  • Жоғары температураның салдарынан адамдар мен жануарлар, өсімдіктер құрып барады, орман өрті мен құрғақшылық жиіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG