Accessibility links

Киевте большевиктер көтерілісіне қатысушыларға қойылған ескерткіш бұзылды


Киевтің Мариин саябағында 1918 жылғы большевиктер көтерілісіне қатысушыларға қойылған ескерткіш бұзылды. Бұл жөнінде 23 желтоқсанда Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала билігінің айтуынша, ескерткіштің салмағы 2,5 тонна болған. Оның қайда әкетілгені белгісіз.

Ескерткіш 1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына орай тұрғызылған.

"Бұл тұғырдың идеологиялық рөлі Украина орталық радасы мен Украина халық республикасына қарсы қарулы көтеріліс жасаған большевиктерді мадақтау еді. Ондаған жылдар бойы бізге совет және империяның жендеттерін "батыр" деп тықпалады. Енді қас жаудың мәдени ықпалынан мәңгіге арылатын кез жетті" деді Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі төрағасының орынбасары Анна Старостенко.

1918 жылы 22 қаңтарда Украина орталық радасы Украина халық республикасын тәуелсіз мемлекет деп жариялаған. 29 қаңтарда Киевте большевиктер орталық раданы құлатуға күш салып, көтеріліс жасаған. Көп ұзамай большевиктер Киевті басып алды. 1920 жылға дейін Украина астанасында билік 10 рет өзгерді.

Бұған дейін Киев билігі қала орталығындағы Александр Пушкиннің ескерткішін бұзған. Ал желтоқсан басында большевик Николай Щорсқа қойылған ескерткіш алынды. Оның алдында бірқатар Ресей және совет қайраткерлері мемлекеттік реестрден алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG