Accessibility links

Ригада BBC журналистерінің сауық кешінде белгісіз біреу жаттығу гранатасын лақтырған


Рига қаласы.
Рига қаласы.

Латвия астанасы Ригада BBC ақпарат агенттігінің Орыс қызметінің тілшілері қатысқан сауық кешінде белгісіз біреу жаттығу гранатасын лақтырған. Бұл жөнінде куәгерлерге сүйенген "Новая газета. Европа" және "Неміс толқыны" хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 23 желтоқсанда кешке Ригадағы барлардың бірінде BBC тілшілерінен басқа ешкім қалмаған кезде белгісіз біреу ішке бас сұғып, еденге РГД-5 гранатының жаттығуда қолданатын түрін лақтырған. Граната жарылған. Шабуылдаушы бұл кезде жасырынып үлгерген. Барға полиция шақырылған. Журналистер шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады, деп жазды "Новая газета. Европа" сайты.

BBC-дің Орыс қызметі және полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері BBC-дің Орыс қызметінің Мәскеудегі тілшілері және тағы бірқатар басылымдар Ригаға қоныс аударған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG