Accessibility links

Ресей алып кеткен жетім балалар Украинаға оралған


Украинадан тартып алған жерден Ресей билігі әкеткен екі жасөспірім мен бір сәби Украинаға қайта оралған. Мұны Save Ukraine қайырым қорының басшысы Николай Кулеба хабарлады.

Ресей жаппай басып кіргенге дейін Херсонда әжесімен бірге тұрған сегіз жасар Елисейді әжесі қайтыс болған соң интернатқа орналастырған, содан соң Ресейге әкеткен. Андрей және Михаил есімді 18 жастағы жетім жасөспірімдер де осыған ұқсас жайтты бастан кешкен.

Соғыс басталғалы Украина "балаларды күшпен әкетіп жатыр" деп Ресейді айыптап келеді. Киевтің есебінше, Ресей шамамен 20 мыңға жуық баланы күшпен әкеткен. Қазірге дейін жүздеген баланы қайтарудың сәті түскен.

Биыл наурызда халықаралық қылмыстық сот "балаларды заңсыз әкетті" деген айыппен Ресей президенті Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы қамауға алу жөнінде ордер берген. Ресей билігі қақтығыс жүріп жатқан аймақтан балаларды "құтқарғанын" алға тартып, ата-аналары мен қамқоршылары сұраса қайтаратынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG