Accessibility links

Қытай шетелдегі капиталын қорғау үшін жеке әскери компания құруы мүмкін


Қытай әлемнің кейбір аймақтарындағы жобаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзінің жеке әскери компаниясын ұйымдастыруы мүмкін деп хабарлайды South China Morning Post басылым. Қытай "кейбір аймақтарға" бәрінен бұрын Батыс Азия, Африка және Латын Америкасын жатқызған.

"Ресей мен Украина, Израиль мен ХАМАС радикал тобының арасындағы соғысқа байланысты Пекин жеке күзет кәсіпорындары арқылы Қытай компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойластырып отыр" деп жазады басылым.

South China Morning Post айтуынша, Қытай кейінгі кездері дипломатиялық байланыстарға ғана емес, жеке күзет кәсіпорындарының жұмыстарына да назар аудара бастаған. Қытай мемлекеттік компанияларының жобасы бекітілгенле қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік айрықша көрсетілетін болған.

South China Morning Post мәліметіне қарағанда, әлемде 47 мыңнан астам компания Қытай капиталымен жұмыс істейді. Көпшілігі шикізат ресурстары, инфрақұрылым, құрылыс саласымен айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG