Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма жетекшісі болып тағайындалды. Мұны Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылы Мәди Ахметов Қазақстан парламенті мәжілісі тарихындағы ең жас депутат болған. Ол мәжіліске Nur Otan (Қаңтар оқиғасынан кейін Amanat партиясы болып өзгерген) партиясының тізімімен өткен.
2019 жылы Мәди Ахметов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыда ескерткіш қоюды ұсынған еді.
Ал 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан соң елде саяси ахуал өзгеріп, Ахметов Назарбаев мұрасынан арылу саясатын қолдаған.
ПІКІРЛЕР