Accessibility links

Бақытжан Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы болды


Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясының алқа төрағасы болды. Мұны Санкт-Петербургте өткен Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің отырысында Ресей президенті Владимир Путин айтты.

Сағынтаев жаңа қызметке 2024 жылы 1 ақпаннан бастап кіріседі.

Еуразия экономикалық комиссиясы – Еуразия экономика одағына қарасты реттеуші орган. ЕАЭО-ға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей мүше.

Бақытжан Сағынтаев бұған дейін президент әкімшілігінің жетекшісі, мемлекеттік хатшы, премьер-министр қызметтерін атқарған. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы әкімі қызметінен босатылып, Еуразия экономика одағы комиссиясының алқа мүшесі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG