Accessibility links

"Самұрық-Қазына" ресейлік компаниялармен Қазақстанның үш қаласында жылу орталығын салу туралы келісімге қол қойды


Өскемен жылу электр орталығы.
Өскемен жылу электр орталығы.

"Самрұқ-Қазына" ұлттық қоры мен оған еншілес "Самрұқ-Энерго" компаниясы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр станциясын (ЖЭС) салу бойынша Ресейдің "Интер РАО – Экспорт" және "Фирма ОРГРЭС" компанияларымен келісімге келді.

Ақпаратқа қарағанда, "Самұрық-Қазына", "Фирма ОРГРЭС" және "Интер РАО – Экспорт" басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургқа барған сапары кезінде келіссөз жүргізген.

Онда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭС салудан бөлек Екібастұз ЖЭС №3 және №4 энергоблоктарын салу бойынша келісімге де қол қойылған.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейлік әріптесімен тиісті меморандумға қол қойғаннан кейін журналистерге салынатын ЖЭС көмірмен істейтінін айтқан. Оның сөзінше, Ресей Қазақстанның көмірін жақсы біледі әрі қолдану бойынша ерекше тәжірибеге ие.

Министрдің бұл сөздері экологтардың наразылығын туғызған.

Басты инвесторы "Роснефтегаз" есептелетін "Интер РАО" компаниясы Беларусь, Литва, Украина, Грузия, Әзербайжан, Қазақстан, Қытай және Моңғолияға энергия жеткізеді. 2019 жылға дейін ол Қазақстандағы "Екібастұз ЖЭС-2" кәсіпорнына иелік еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG