Accessibility links

Тәжікстанда алты айда 587 адам ВИЧ жұқтырғаны анықталған


2023 жылдың алғашқы жартысында Тәжікстанда 587 адам ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Олардың арасында балалар да бар.

Тәжікстанда күнде орта есепен үш адамның ВИЧ жұқтырғаны анықталады.

Тәжікстан үкіметінің БҰҰ-да жасаған баяндамасында елде барлығы 11 мың 300 адамның ВИЧ індетіне шалдыққаны, олардың шамамен он пайызы балалар мен жасөспірімдер екені айтылған.

Дәрігерлердің мәліметінше, Тәжікстанда нашақорлар, еңбек мигранттары және жыныстық қатынас кезінде қорғанбайтындардың ВИЧ жұқтыру қаупі жоғары. Зерттеулерге қарағанда, еңбек миграциясынан оралғандардың әйелдері күйеулерінен ВИЧ жұқтырып жатыр.

ВИЧ жыныстық қатынастан, қаннан және анадан балаға жұғады.

Тәжікстанда ВИЧ жұқтырғандардың 23 пайызы Душанбе қаласында тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG