Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда екі бала қызылшадан көз жұмды


Астана және Шығыс Қазақстан облысында екі бала қызылшадан көз жұмды. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, шетінеген нәрестелер бір жасқа да толмаған.

"Астана және Шығыс Қазақстан облысында қызылшамен байланысты екі адам өлімі тіркелді. Бұл бір жасқа дейінгі, яғни вакцинация жасына жетпеген балалар" деді Айжан Есмағамбетова журналистерге бейсенбі күні сенат кулуарында.

Оның сөзінше, нәрестелердің бірі шала туылған, "патология көп болған, оларға қызылша келіп қосылған".

25 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда қызылша жұқтырған 26 815 адам тіркелген. 18-24 желтоқсан аралығында 2 373 адамнан қызылша анықталған. 24 желтоқсанда бір күнде 297 адам қызылшаға шалдыққан.

Желтоқсан басында АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы (CDC) қызылша дерті өршіп жатқан елдер тізімін жаңартып, Қазақстанды қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемдегі алғашқы үштікке енген еді. ДДСҰ сарапшылары кейінгі жылдары ауру көрсеткіші көбеюін вакцинация деңгейінің төмендігімен байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG