Accessibility links

Франция, Германия, Ұлыбритания және АҚШ Иранның ядролық әрекеттерін айыптады


 МАГАТЭ-нің басшысы Рафаэль Гросси
МАГАТЭ-нің басшысы Рафаэль Гросси

Франция, Германия, Ұлыбритания және АҚШ Тегеранды байытылған уран өндірісін ұлғайтып жатқаны үшін айыптады. Иранның байытылған уран өндіру ісін қарқынды түрде жүргізіп жатқаны жуырда жарық көрген МАГАТЭ-нің есебінде айтылған.

Батыс державалары Иранды уранды байыту ісін дереу тоқтатып, ядролық бағдарламаны дамытуды доғаруға үндеген.

"Біз дипломатиялық шешім табуды талап етеміз және Иранға ядролық қару жасауына жол бермеу ниетінен айнымаймыз" деп жазылған мәлімдемеде.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік есебінде Иранның байытылған уран көлемін арттыра бастауын Тегеранның алдындағы міндеттемелерінен бас тартуы ретінде бағалаған. 2023 жылдың ортасында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөзге қатысушылар Иран билігімен жұмыс көлемін 2023 жылдың жазындағы деңгейде ұстап тұру туралы келісімге келді.

XS
SM
MD
LG