Accessibility links

Ресей әскері Харьковке соққы жасады


Ресей әскері сенбі кешке Украинаның Харьков қаласын атқылады. Қала билігінің мәліметіне қарағанда, кемінде алты жарылыс болған.

Облыстық әкімшілік жетекшісі Олега Синегубов "азаматтық инфрақұрылым бүлінгенін" айтты. Харьков мэрі Игорь Терехов бүлінген нысандар арасында тұрғын үй де барын айтты. Телеграм-арналар атқылауға ұшыраған Kharkiv Palace қонақүйінің суретін жариялады.

Кейінгі дерек бойынша, атқылаудың салдарынан 20 адам зардап шеккен. Арасында неміс журналистеріне бағыт сілтеп жүрген қауіпсіздік бойынша кеңесші Ұлыбритания азаматы да бар. Оның кеудесіне сынық кірген. Жараланғандар арасында екі бала бар. Адам өлімі тіркелмеді.

Бұған қоса, сенбі күні Украинаның бірнеше облысына "Шахед" дрондары жіберілгені жөнінде хабар түсті. Херсонды атқылау кезінде екі адам оққа ұшқан. Донецк облысының Украина бақылап отырған аумағында атқылау кезінде үш адам өлген.

Бұған дейін сенбі күні Белгород қаласын атқылау кезінде, Ресей билігінің мәліметінше, 18 адам қаза болған, 100-ден астам адам өлген. Бұл соғыс басталғалы бергі қаладағы ең ірі атқылау. Ресей қорғаныс министрлігі Украинаны ракетамен атқылады деп айыптады. Украина билігі түсініктеме берген жоқ. Белгород облысының губернаторы сенбі күні кешке Ресей әскері Белгород қаласынан Украина аумағына соққы жасап жатқанын хабарлаған. Белгород пен Харьков арасы бірнеше ондаған шақырымды құрайды.

  • 29 желтоқсанда Ресей әскері Украинаға қанатты зымыран және дрондармен жаппай шабуыл жасаған. Сарапшылар бұл соғыс басталғалы бергі ең ірі шабуыл екенін айтқан. 39 адамның қаза болғаны хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG