Accessibility links

Дания патшайымы жаңа жылдық үндеуінде тақтан бас тартатынын мәлімдеді


Дания патшайымы II Маргрете жаңажылдық телеүндеуінде.
Дания патшайымы II Маргрете жаңажылдық телеүндеуінде.

Дания патшайымы II Маргрете жаңажылдық телеүндеуінде қаңтардың ортасына қарай тақтан бас тартатынын айтты. Таққа крон-ханзада Фредерик отырады.

83 жастағы Маргрете 1972 жылы патшайым атанған. Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қайтыс болғаннан кейін Еуропада тақта ең ұзақ отырған монарх осы Дания патшайымы болды.

"Қазір ең қолайлы уақыт деп шештім. 2024 жылғы 14 қаңтарда, сүйікті әкемді алмастырғаныма 52 жыл толғанда, мен кетемін" деді Дания патшайымы. Ол даниялықтарға қолдау білдіріп келгеніне алғыс айтып, ұлына да сондай қолдау табылар деген үміті барын айтты.

Данияда монарх қолында билік жоқ. Ол елдің ішкі саясатына араласпайды. Мемлекеттің саяси бағытын парламент сайлайтын премьер-министр айқындайды. Қазіргі үкімет басшысы Метте Фредериксен – Маргрете тақта отырған уақыттағы 11-ші премьер-министр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG