Accessibility links

Украина әскери басшылығы Зеленскийге 2024 жылғы жоспарын ұсынды


Соғыс аймағында әскерилермен сөйлесіп тұрған Владимир Зеленский. Авдеевка, Донецк облысы, 29 желтоқсан 2023 жыл.
Соғыс аймағында әскерилермен сөйлесіп тұрған Владимир Зеленский. Авдеевка, Донецк облысы, 29 желтоқсан 2023 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский әскер басшылығынан 2024 жылға арналған іс-қимыл жоспарын алғанын айтты. Зеленский сондай-ақ әскери және сыртқы барлау қызметтерінің есебін тыңдағанын айтты. Украина басшысының сөзінше, олар әскери-саяси болжамдар мен әлемде болуы мүмкін оқиғаларды сөз еткен.

"Жылды қорыттық. Әскери қимылдар мен шешімдердің нәтижесін сараптадық" деді Зеленский Telegram-каналында. Президент бұдан өзге дерек келтірмеді.

Сондай-ақ Зеленский 2024 жылы Украина өндірісті ұлғайтынын айтты. Оның сөзінше, биыл ғаламдық шешімдер жылы болмақ, Киев сол шешімдерге "ықпал етіп, мақсатына жете білуі керек".

"Өз ықпалымыз үшін, Украинаға әділдік жасалуы үшін күресеміз. 24 ақпананнан бері бізге көмектесіп, бірге болған, 24-жылы да бірге болатын барлық басшыға алғыс айтамын" деді Зеленский.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG