Accessibility links

Косово азаматтары Шенген аумағына визасыз кіруге рұқсат алды


Жартылай мойындалған Косова елінің азаматтары 1 қаңтардар бастап Еуропа мен Еуроодаққа мүше елдерді біріктіретін Шенген аумағына визасыз кіруге рұқсат алды.

Приштина әуежайында салтанатты жиын өтіп, елдің премьері Альбин азаматтарды бұл құқыққа жауапты қарауға шақырды. Ол "үлкен әділетсіздікке нүкте қойылды" деп мәлімдеді.

Косово азаматтары Шенген аймағында жарты жылда 90 күн визасыз жүре алады, бірақ жұмыс істей алмайды.

Косово Сербиядан 2008 жылы тәуелсіздік алған, бірақ бұл елді Еуроодақтағы бірнеше ел мойындамаған. Бірақ бұл ЕО мен Косово арасында қарым-қатынас орнатуға кедергі болған жоқ. Косово билігі бірнеше рет "елдің мақсаты - Еуропа одағы мүше болу" деп мәлімдеп, кандидат ел болуға өтініш тапсырған. Бірақ Косово әлі кандидат статусын алған жоқ.

Сербия Косовоның тәуелсіздігін мойындамаған. Бұл елдің тәуелсіздігін Қазақстан, Ресей, Қытай да мойындаған жоқ.

31 желтоқсанда Шенген аумағына Болгария мен Румыния да енген. Бұл елдерде әуе және теңіз жолдары арқылы шекара тексерісі биыл наурыздан бастап тоқтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG