Accessibility links

Эстония біржынысты некеге рұқсат берді


Эстонияда біржынысты некені мойындайтын заң 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Заңға сай, кәмелетке толған екі адам жынысына қарамастан заңды түрде отбасы құра алады. Эстония – біржынысты некеге рұқсат берген алғашқы постсоветтік ел.

Ел парламенті бұл заңды былтыр маусымда дауысқа салып, 55 депутат қолдаған, 34 депутат қарсы шығып, қалғандары қалыс қалған.

2013 жылы Эстония адамдарға жынысына қарамастан ресми түрде партнерлік келісімге қол қоюға рұқсат берген. Бұл келісімге сай, олар бір-бірі үшін ресми шешім қабылдауға, мемлекеттен дәстүрлі отбасылар сияқты жеңілдіктер алуға, бірге тұруға рұқсаты болған.

Эстония әлеуметтік қорғаныс министрі Синге Рийсало (ханым) "бұл шешім ұзақ жылғы құқықтық шатастыруға нүкте қойып, азаматтарға тең құқық береді" деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG