Accessibility links

Египет, Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен араб әмірліктері және Эфиопия БРИКС-ке қосылды


Санкт-Петербург форумында құрылған халықаралық экономикалық одақ - БРИКС-ке 1 қаңтарда ресми түрде бес мемлекет қосылды, олар: Египет, Иран, Біріккен араб әмірліктері, Сауд Арабиясы және Эфиопия. Олар 2023 жылдың жазында шақырылған.

Ұйымға 2023 жылы аталған бес елден өзге Аргентинада да шақырылған. Алайда 2023 жылдың желтоқсанында Аргентинаның жаңа президенті Хавьер Милей Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинге Буэнос-Айрестің БРИК-ке қосылмайтынын ресми түрде құлағдар еткен.

Кеңейген БРИКС мүшелері әлемдегі мұнай қорының 45 пайызға жуығына иелік етеді. Ұйым мүшелерінің көпшілігі Ресейдің Украинамен соғысына бейтарап қарайды және Батыстың Ресейді оқшаулау әрекетін қолдамайды. Қаңтардан бастап ұйымға Мәскеу төрағалық етеді. Сарапшылар әзірге БРИКС-тің тиімділігі жоғары емес деп санайды.

Украинаның шабуылы, Қырымдағы жарылыс, БРИКС саммиті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG