Accessibility links

"Медиазона": 2023 жылы Путин жарлықтарының жартысы құпия болған


2023 жылы Ресей президенті Владимир Путин қол қойған жарлықтардың 49,5 пайызы құпия болған. Мұны "Медиазона" Путин қол қойған құқықтық актілер сайтына сүйеніп хабарлады. "Медиазона" мұны тарихи рекорд деп есептейді.

Бұған дейін Путиннің құпия жарлықтарының рекорды 2001 жылы - екінші шешен соғысы қызып тұрғанда болған. Ол кезде Путин жарлығының 47 пайызы құпияланған.

"Медиазонаның" жазуынша, Путин құпия жарлықтарды өзге де мақсаттармен қатар, әскери қызметкерлерді марапаттауға, майданға алынған сотталғандарға рақымшылық жасауға пайдаланады. 2022 және 2023 жылдары кемі 17 сотталушыға рақымшылық жасалған. Адам өлтіріп сотталғандар Украинаға қарсы соғысқа барып, кейін бостандыққа шыққан.

2023 жылы шыққан Путин жарлықтарының арасында әскери бөлімшелерге құрметті "гвардия" атағын беру туралы құжаттар да көбейген. Оны не үшін беріп жатқаны белгісіз: құжатта "жаппай ерлігі мен ержүректігі үшін" деп көрсетіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG