2 қаңтарда Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылында тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, бір отбасының 5 адамы күйген. Үш ересек адам мен екі жастағы және төрт айлық сәби ауруханаға түскен.
3 қаңтарда таңертең жансақтау бөлімінде жатқан 58 жастағы ер адамның көз жұмғаны хабарланды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2021, 2023 жылғы екі сәби денесінің 80 пайызын, ересектер денесінің 90-95 пайызын күйік шалған.
Өрт кезінде отбасының екі мүшесі үйде болмаған. Олардың бірі - балалардың әкесі.
Өрт газ қоспасының дүмпуінен шыққан. Өрт кезінде жалпы алаңы 140 шаршы метр тұрғын үй жанып, қабырға опырылған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпараты бойынша, үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау күндізгі сағат 11.10-да түскен, өрт 12:22-де сөндірілген.
ПІКІРЛЕР