Accessibility links

НАТО қолбасшылығы Patriot зымыранының мың данасын сатып алатынын хабарлады


Patriot зымыран кешені
Patriot зымыран кешені

Германия, Нидерланды, Румыния мен Испания өз әскеріндегі Patriot ("Пэтриот") зымыран кешеніне 1 мың дана зымыран сатып алатын болды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні НАТО өзінің сатып алумен айналысатын агенттігі ұйымға мүше елдердің 1 мың зенит зымыранын сатып алу жөнінде келісімін қолдайтынын мәлімдеген.

Американың Patriot зенит зымыран кешені АҚШ пен онымен одақтас елдердің әскері пайдаланады. Ресей жаппай басып кірген соң Украинаға да берілген. Қазір бұл кешен Киев пен Одессаның зымыранға қарсы қорғанысын қамтамасыз етіп тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG