Accessibility links

Қазақстанның TVCOM операторы Ресей телеарнасын көрсетуді тоқтатқан


Қазақстанның TVCOM спутник және интернет-телеарна операторы 2024 жылдың қаңтарынан бастап Ресейдің "Первый каналы" бастаған бірнеше телеарнаны көрсетпейтінін хабарлады.

Оператордың хабарына қарағанда, ақпараттық күн тәртібіндегі арна санын азайту үшін "ПКВС Казахстан" ЖШС топтамасының телеарналарын тоқтату туралы шешім қабылданған. "Первый канал СНГ", "Поехали", "Время: далекое и близкое", "Дом кино", "Телекафе", "Дом кино Premium", "Музыка Первого", "Победа", "Карусель", "Бобер", "О!" телерналары тізімнен шыққан.

Оператор хабарында компания жетекшілігі ақпараттық жаңалық сипатындағы шетел арналарының үлесін біртіндеп азайтуды көздеп отырғаны сөз болған. TVCOM өз абоненттерінің "медиасауаты жетілгенін, жаңалықтарды әлеуметтік желіден алып отырғанын" жазған.

TVCOM Қазақстанның теле-радиотаратылым саласындағы операторы "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының серіктесі саналады.

Былтыр қарашада Қазақстан Ресей телеарналарын көруге мүмкіндік беретін Sputnik24 интернет-порталын бұғаттаған.

Одан бұрын тамызда ақпарат министрлігінің "экстремизм белгілері бар" деген шешімімен Ресейдің "Царьград" сайты бұғатталған.

2022 жылдың соңында қоғамдық ой-пікірді бақылайтын Demoscope бюросының зерттеуі Қазақстан халқының кемі бестен бір бөлігі Ресей телеарналарын көретінін көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG