Accessibility links

Павлодар облысындағы шахта маңында болған апатта кемі екі құтқарушы қаза болды


Павлодар облысының шахтасы маңындағы ойық
Павлодар облысының шахтасы маңындағы ойық

Павлодар облысы Майқайың кеніші маңындағы апат болған жерден екі адамның денесі табылған. Бұл ақпаратты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы жариялады.

4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың кеніші шахтасының маңында жер опырылып, ішінде жүргізуші мен үш құтқарушы бар автобус құлаған. Мұны Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

"4 қаңтарда сағат 01.25 шамасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында "Майкаинзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлады. Опырылған жердің ұзындығы 150-200 м, ені 500 м. тереңдігі 150 м." деп жазылған төтенше жағдай департаментінің хабарында.

Құлаған автобус әзірге табылмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG