Accessibility links

Оралда құлаған кафе ғимаратының астынан екі адамның денесі табылған


Құлаған ғимарат орыны. Орал қаласы, 4 қаңтар 2024 жыл
Құлаған ғимарат орыны. Орал қаласы, 4 қаңтар 2024 жыл

Орал қаласында құлаған кафе ғимаратыың астынан құтқарушылар екі адамның денесін тапқан. Мұны Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар қиранды астынан алты адамды шығарған, бесеуі ауруханаға жөнелтілген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда, 4 қаңтарға қараған түні екі қабатты кафе ғимараты құлап, өртенген. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, газ жарылған.

Өрт 40 миунтттан соң өшірілген.

"Екі адамның күйген денесі мен 50 литрлік газ баллоны табылды" дейді Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, құлаған ғимарат астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG