Accessibility links

Украина қауіпсіздік қызметі: Ресей хакерлері Украинаның ең ірі ұялы байланыс операторын тыңдаған


Woman walks past a Kyivstar store in Kyiv
Woman walks past a Kyivstar store in Kyiv

Ресей хакерлері кем дегенде алты ай бойы Украинаның ең ірі мобильді байланыс операторы "Киевстардың" ішкі жүйесіне қосылып отырған. Бұл жөнінде Украина қауіпсіздік қызметіне қарасты киберқауіпсіздік департаментінің жетекшісі Илья Витюк Reuters агенттігіне айтқан.

Желтоқсанда "Киевстар" операторы бірнеше күн жұмысын тоқтатып, шамамен 24 миллионға жуық тұтынушы байланыссыз қалған, оның ішінде банкоматтар мен сауда нүктелері де бар. Мобильді байланыс әскери техникада да қолданылады. Оператор мұны тарихтағы аса ірі хакер шабуылы деп атаған.

Украина қауіпсіздік қызметінің айтуынша, Ресей хакерлерінде жеке мәліметтерді алу, телефонның тұрған жерін анықтау және оператордың SMS-хабарламаларын оқу мүмкіндігі болған. "Киевстар" өкілі ешбір жеке және абоненттік мәліметтер алынбаған деп мәлімдеді.

Витюктің сөзінше, Ресейдің әскери барлауымен байланысы бар саналатын Sandworm хакер тобына күдік туған. Витюк хакерлердің қалай жұмыс істегені әлі де тексерілетінін айтты.

2016 жылы Украинаның энергетика жүйесіне жасалған ірі шабуылды Sandworm хакерлерімен байланыстырған. Wired журналы бұл топты ГРУ полковнигі Евгений Серебряков басқарады деп санайды. Ол 2018 жылы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым ресурстарына кибершабуыл әзірледі деген күдікпен Нидерландыдан шығарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG