Accessibility links

Путин Украинадағы соғысқа қатысқан шетелдіктерге Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин "арнаулы әскери операция" (Мәскеу Украинаға басқыншылығын соғыс деп атамайды) кезінде Ресей әскерімен кемі бір жылға келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беру туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл жарлық бойынша, келісімшартқа қол қойған шетелдіктің өзіне ғана емес, оның отбасына да Ресей азаматтығы беріледі.

Ресей әскерінен денсаулығы мен өзге де жағдайларына байланысты босаған шетелдіктер де азаматтық алуға арыз бере алады.

2023 жылы мамырда Путин елдің қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қойған шетелдіктерге Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы жарлыққа қол қойған.

Ресейде кейінгі бірнеше айда базардан, құрылыстардан, жатақханалардан, мешіттен және тағы да басқа адам көп жиналатын жерден мигранттарды ұстап, бірден әскери комиссариатқа жеткізе бастағаны байқалған. Мигранттардың көпшілігі - бұрынғы совет елдерінен Ресейге жұмыс іздеп келгендер. Олардың арасында Ресей паспортын алып қойып, енді Украинадағы соғысқа баруға мәжбүр болып жатқандар да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG