Accessibility links

Қырғыз парламенті екі әйел алуға рұқсат беретін заң жобасын әзірлеп жатыр деген ақпаратты терістеді


Жогорку кеңештің ақпарат қызметінің басшысы Жайыл Русланов парламентте көп әйел алуға жол беретін заң жобасын дайындап жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Русланов 4 қаңтарда Facebook парақшасына әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп жазды.

"Жалған ақпаратты таратып жатқандарға заң алдында жауапкершілік барын ескертеміз" деп жазды Русланов.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қырғыз парламенті екі әйел алуға рұқсат беретін заң жобаын талқыға шығаратыны жөнінде хабар тараған.

Қырғызстанда "Отбасы жөніндегі кодекс" бір ғана ресми некеге рұқсат береді. Заң бойынша екі және одан көп әйел алған адам қоғамдық, түзету жұмыстарына және айыпқа тартылады. 100 мың сомға дейін айыппұл салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG