Accessibility links

Ресей билігі Қырымға шабуыл жасалғанын хабарлады, ал Киев әуежайға соққы туралы айтты


Ресей қорғаныс министрлігі әуе қорғаныс жүйесі аннексияланған Қырымда төрт украин ракетасын атып түсіргенін хабарлады.

Ресей қорғаныс ведомствосының мәліметінше, шабуыл 6 қаңтарға қараған түні сағат бірлер шамасында жасалған. Дәл осы уақытта Қырым көпірінде қозғалыс бір сағатқа тоқтатылды. Ракета соққысы жөнінде толық ақпарат айтылмайды.

Украинаның телеграм-арналары Қырымның Евпатория және Новофедоровка аудандарында ондаған жарылыс болғанын жазды. Онда Саки әскери аэродромы орналасқан.

6 қаңтарда таңертең Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Николай Олещук телеграмда Украина әскері Саки аэродромындағы командалық пунктіге соққы жасағанын жазды.

Ресей жағы ақпаратқа түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG