6 қаңтарда кешке Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Покровск ауданына ракетамен соққы жасады, деп хабарлады облыстың әскери әкімшілігінің жетекшісі Вадим Филашкин. Жеке тұрғын үйлер де атқыланған. Жергілікті биліктің айтуынша, 11 адам қаза болған: бесеуі – бала. 8 адам жарақаттанған.
Облыс әкімшілігінің мәліметінше, Ресей әскері шабуылға С-300 кешенін пайдаланған. Негізгі соққы Покровск қаласы мен Мирноградськая городская громада ауылына жасалған. Сенбі кешке Покровскіде құтқару операциясы жалғасып жатқаны хабарланды, үйінді адамдар қалған болуы мүмкін деп айтылады.
Вадим Филашкин сенбі күні сәл ертерек Ресей әскері таңертең Пивничное ауылына соққы жасағанын айтқан. Оның сөзінше, екі авиабомбасы екі көпқабатты тұрғын үйге түскен. 63 жастағы әйел мерт болған. Қираған үйдің суреттері де жарияланды.
Украина президенті Владимир Зеленский Покровскідегі адамдардың опат болуы жөнінде айтып, Ресейдің "бірде-бір соққысы жауапсыз қалмайды" деді.
Ресей әскері әзірге шабуылға түсініктеме берген жоқ. Ресей жағы түрлі дәлелдерге қарамастан үнемі "әскери нысандарды ғана атқылағанын" айтумен келеді.
ПІКІРЛЕР