Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласының 100-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілген


UKRAINE-CRISIS/RUSSIA-BELGOROD
UKRAINE-CRISIS/RUSSIA-BELGOROD

Ресейдің Белгород қаласының 100-ден астам тұрғыны қаланың атқылануына байланысты қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл жөнінде аймақ басшысы Андрей Чесноков мәлімдеді. Оның сөзінше, жергілікті билік көшкендерге жан-жақты көмек көрсеткен.

Белгородтан бірнеше отбасы Воронеж облысына көшірілгенін осы аймақтың губернаторы Александр Гусев бұған дейін хабарлаған.

Белгород қаласы жиі атқылана бастаған соң жергілікті билік тұрғындарға қауіпсіз жаққа көшуді ұсынғаны 5 қаңтарда мәлім болған.

30 желтоқсанда Белогород қаласы зымыранмен атқыланып, 25 адам өлген, 100-ден астам адам жараланған. "Украинская правда" басылымының арнаулы қызметтегі дереккөздері "Украина қарулы күштері шабуыл жасағанын, бірақ Ресей әуе қорғанысының орашолақ қимылына байланысты зымыран сынықтары қала ортасына түскенін" айтқан.

Белгород қаласы атқыланардан бір күн бұрын, яғни 29 желтоқсанда Ресей Украинаны жаппай атқылаған еді. Украинаның әр жерінде 40-қа жуық бейбіт адам өлген.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя "Украина әуе қорғанысының орашолақтығы болмаса Ресейдің атқылағанынан бейбіт адамдар өлмес еді" деп мәлімдеген болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG