Ресейдің Челябинск қаласында Дағыстанның 16 жастағы жасөспірім азаматы қамауға алынған. Оған "Шагол аэродромында тұрған Ресей әскерінің бомабалаушы ұшағын өртемек болды" деген айып таққан. Ресейдің федералдық барлау қызметі "оның былтыр қараша мен желтоқсан айында Дағыстан теміржолында болған өрттерге де қатысы бар" деп санайды.
Челябинск қаласының түбіндегі Шагол аэродромында тұрған Су-34 бомбалаушы ұшағы 4 қаңтарға қараған түні өртенген. Украина барлауының бас басқармасы "ол ұшақ Украинаның арнаулы операция нәтижесінде өртенді" деп мәлімдеген.
Ресей мәліметтеріне қарағанда, Су-34-ті өшіріп үлгерген, бірақ қаншалықты зардап келгені айтылмаған.
Аты-жөні аталмаған жасөспірім 5 қаңтарда ұсталған. Ол енді 12 жылдан 25 жылға дейін сотталуы мұмкін.
Ресей федералдық барлау қызметі жасөспірім Украина арнаулы қызметінің тапсырмасын орындаған, қолындағы телефонынан "Украинадағы кураторларымен жазысқан хаттары табылды" деп мәлімдейді.
ПІКІРЛЕР