Accessibility links

АҚШ конгресі 1,6 триллион доллар федералдық бюджетке келісті


АҚШ конгресі 2024 жылы 1,6 триллион доллар федералдық бюджетке келісті. Президент Джо Байденнің Ақ үй сайтында жарияланған мәлімдемесінде "қол жеткен келісім федералдық үкіметтің жұмысын ішінара тоқтататын шатдаунның алдын алуға мүмкіндік беретіні" айтылған.

Байденнің сөзінше, бұл – "президенттің екі партиямен келісілген қаржы деңгейін" көрсетеді.

Республикашылдар мен демократтар келісімі бойынша 2024 жылы АҚШ бюджетінің жоғарғы шегі 1,59 триллион долларға жетеді. Бұл бюджетте қорғанысқа рекорд қаржы – 886 миллиард, қорғаныстан тыс шығыстарға 704 миллиард бөлінген.

Осы аптада конгресс каникулдан оралып, мемлекеттік қарыз лимитін талқылайды.

Былтыр қарашада Джо Байден 2024 жылдың 19 қаңтарына дейін үкіметті уақытша қаржыландыру туралы конгресс қабылдаған заңға қол қойған. Ол заңда Украина, Израиль және Тайваньға көмек көзделмеген, бұл мәселе жеке қаралады. Бұл мақсатқа 106 миллиард қарастырылады, Украинаға 61 милиард доллар әскери көмек беріледі деген болжам бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG