Accessibility links

"Оппенгеймер" фильмі бес "Алтын глобус" алды


"Оппенгеймер" фильмі "Үздік драма фильм" номинациясы бойынша "Алтын глобус" сыйлығын алды. Картина режиссёрі Кристофер Нолан үздік режиссёр, Киллиан Мерфи ер адам рөлін сомдаған үздік актёр болды.

"Үздік фильм" санатындағы (мюзикл немесе комедия) "Алтын глобусқа" Йоргос Лантимостың "Бақытсыз-байғұстары" ие болды. Ондағы бас кейіпкер әйел рөлін сомдаған Эмма Стоун мюзикл немесе комедиядағы үздік актриса болып танылды.

Мюзикл немесе комедиядағы үздік ер адам рөлі сыйлығы Пол Джаматтиге ("Қалғандар"), үздік драма актриса сыйлығы Лили Гладстонға ("Гүлді айды өлтіргендер") берілді.

"Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша француздың "Құлау анатомиясы" деп аталатын детектив картинасы "Алтын глобустың" екі мүсінін алды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG