Accessibility links

Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталғаны айтылды


Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишібаев
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишібаев

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишібаевтың үстінен қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова хабарлады.

"Өткен аптаның соңында бізге Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталғанын айтты. Қазір бізді іс бойынша жүргізілген экспертизалармен таныстырды, бірақ қылмыстық іс материалдарын толық көрген жоқпыз. Мұндай істер бойынша тәжірибем мол, бірақ экспертизадан мұндай қорқынышты деректерді көрмеппін. Мұндай қатыгездік пен салқынқанды әрекетті кездестірмеппін. Салтанаттың туыстарын ойлап, қылмыстық іс жайлы айта алмаймын" деп жазды адвокат Инстаграм парақшасында.

Адвокат бұл іс бойынша күдіктінің ағасы да қамауға алынғанын еске салды. Қорғаушы "ағасына аса ауыр қылмыстың дайындалып жатқанын біле тұра хабарламады деген айыппен тергелуі керек еді" деп санайды.

9 қарашада Астанадағы ресторандардың бірінде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова ауыр соққыдан қаза тапқан. 11 қарашада Бишімбаев бұл қазаға күдікті ретінде екі айға қамалған. Осы оқиғадан соң Астанадағы ресторанның директоры, Бишімбаевтың туысы "қылмысты жасырды" деген күдікпен қамалған еді.

Бұл оқиғадан кейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қайта көтеріліп, кінәлілер көп жағдайда жазасыз қалатыны айтылып жатыр. 15 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігіне бұл істі "ерекше бақылауда ұстауда" тапсырғанын Ақорда жазды.

Бишімбаев 20018 жылы жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған. Кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев оған кешірім берген еді. 2019 жылы қазанда Бишімбаев шартты түрде қамаудан шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG