Accessibility links

Германия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, атақты футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды


Франц Беккенбауэр
Франц Беккенбауэр

Германия құрама командасының бұрынғы жаттықтырушысы, аңызға айналған футболшы Франц Беккенбауэр 78 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты туыстары таратқан.

Беккенбауэр футболды "Баварияның" (Мюнхен) жастар командасында бастап, әрі қарай сонда жалғастырды. "Бавария" құрамында Еуропа чемпиондарының кубогін үш мәрте жеңіп алды. 1972 жылы Германия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы, 1974 жылы әлем чемпионы болды.

1984 жылы ұлттық құрама жаттықтырушысы болды. 1990 жылы Беккенбауэр басқаратын Германия құрамасы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Беккенбауэрдің ықпалымен Германия 2006 жылы әлем чемпионатын өткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG