Accessibility links

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері 1674 адам қызылша жұқтырған


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 9 қаңтарда өткен үкімет отырысында 2024 жылдың бас кезінде Қазақстанда қызылша жұқтырғандар бір жарым мыңға жеткенін хабарлады. Былтыр 30 мың адам ауырған.

"2023 жылдың соңында Қазақстанда 29 648 адамның қызылшамен ауырғаны тіркелді. Оның 80 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бері 1674 адам қызылшамен ауырған" деді Ажар Ғиният.

Билік мәліметіне қарағанда, Абай, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында қызылша жұқтырғандар көбейген. Өзге аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғаны, кей жерде азайғаны байқалған.

Былтыр желтоқсанда АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) Қазақстанды қызылша деңгейі жоғары елдер санатына қосқан. БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) Еуропа мен Орталық Азиядағы қызылша таралымы туралы есебінде Қазақстанды бірінші орынға қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG