Accessibility links

Министр Костенко шахтасындағы апат бойынша қозғалған іске тартылып жатқан кей адамдың аты-жөнін атады


Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апаты бойынша қылмыстық істе жауап алынып жатқан кей адамдардың аты-жөнін атады.

"Олар - лауазымды тұлғалар. Бас директор Яблонский, персоналдар директоры Винокуров, көмір департаментінің техникалық директоры Белый, көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және тағы басқалар" деді Шәріпханов. Оның сөзін жергілікті жаңалықтар агентттіктері жариялады.

Шәріпхановтың сөзінше, іс материалдары тергеу орындарына берілген.

Бұған дейін Костенко шахтасында болған апаты тексеріп жатқан үкімет комиссиясы "апатқа жұмыс беруші кінәлі" деп, 19 жауапты қызметкерді атаған. Бұл шахтаға үндістандық миллиардер Лакшми Митталдың "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы иелік еткен еді.

28 қазанда болған апатта 46 шахтер қаза тапқан. Ресми мәліметке қарағанда, өрт конвейер элементтерінің механикалық үйкелісінен шыққан. 9 желтоқсанда бас прокуратура көмір өндірісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді деген күдікпен жеті жетекші қызметкердің қамауға алынғанын хабарлаған.

Осы апаттан соң көп ұзамай "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен келісім-шартты тоқтатып, Қарағанды металлургия комбинатының жаңа инвесторы қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьевке берді. Компания атауы "Qarmet" деп өзгерді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG