Accessibility links

Алматыда 16 желтоқсанда акция өткізгені үшін 15 тәулікке қамалған екі белсенді босап шықты


Oyan, Qazaqstan қозғалысының екі белсендісі бостандыққа шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00

Oyan, Qazaqstan қозғалысының екі белсендісі бостандыққа шықты

Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров 9 қаңтарда Алматыда қамаудан шықты. Олар 16 желтоқсанда Қаңтар оқиғасын, Жаңаөзен оқиғасын және Желтоқсан оқиғасын еске алу акциясын өткізгені үшін әкімшілік сот шешімімен 15 тәулікке қамалған. Шәріпжан мен Мұхтаровқа сот шешімі 25 желтоқсанда шыққан.

3 қаңтарда сот Тәуелсіздік күнгі бейбіт акцияға қатысқаны үшін белсенді Жанел Шаханды да 15 тәулікке қамаған. Олардың бәріне "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып таққан. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамаған еді.

4 қаңтарда сот Oyan, Qazaqstan қозғалысының тағы үш белсендісі Айсұлтан Құдайбергенді, Ақмарал Жәкібаеваны және Темірлан Еңсебекті те "рұқсатсыз митингіге шықты" деген айыппен 15 тәулікке қамауға алған. Үшеуі Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында Бота Шәріпжан, Равкат Мұхтаров және Жанел Шаханды қолдап бейбіт пикет өткізген.

Кейін қалалық сот оларға шыққан сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

"Достарымды босатыңдар!" Төрт белсенді 15 күнге қамалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:32 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG