Accessibility links

Оңтүстік Корея парламенті азық ретінде пайдалану үшін ит бағуға тыйым салатын заңды мақұлдады


Итті азық үшін өсіруге тыйым салатын заң жобасының бастамашысы, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль
Итті азық үшін өсіруге тыйым салатын заң жобасының бастамашысы, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль

Оңтүстік Корея парламенті азық ретінде жеу үшін ит өсіруге тыйым салуды көздейтін заңды мақұлдады. "Құжатты 208 депутат қолдап, екеуі қалыс қалған" деп хабарлайды Reuters. Енді осы заңға президент Юн Сок Ёль қол қоюы керек. Заңды президенттің өзі ұсынған.

Заңды бұзғандар үш жылға сотталуы немесе 23 мың долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Алайда заңда иттің етін жегендерді жауапқа тарту көзделмеген.

Фермалар мен ресторандардың иелеріне "азық үшін ит өсіруге" арналған бизнестерін жабуға үш жыл мерзім берілген.

Оңтүстік Корея билігінің мәліметіне қарағанда, қазір бұл елде 1100 ит фермасы бар, кейбірі жарты миллионға дейін ит асырайды. Бұрын фермерлер бұл заңға қарсы болған, жарты миллиоға жуық адам жұмыссыз қалатынын алға тартқан.

"Кейінгі жылдары Оңтүстік Корея халқы ит етінен бас тарта бастағаны байқалады" дейді CNN. 2022 жылы Gallup Korea жүргізген сауалнама респондентттердің сегіз пайызы ғана ит етін жейтінін көрсеткен. 2015 жылы бұл көрсеткіш 27 пайыз болған. 2005 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта сұраныс азаюына байланысты Сеулде ит етін ұсынатын ресторандар 40 пайыз азайған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG