Accessibility links

Тоқаев арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын ауыстырды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп Айдос Мырзахметовті тағайындады. Бұрын бұл қызметті Болат Журабаев атқарып келген еді.

Ашық дереккөздегі ақпараттарға қарағанда, Мырзахметов 2022 жылы наурызда Мемлекеттік күзет қызметінің сегізінші департаментін басқарған.

Арнайы операциялар күштерінің міндеті – антитеррорлық операцияларға қатыса отырып қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2022 жылы Қаңтар оқиғасынан соң президент Тоқаев күштік құрылымдар жұмысына реформа жасау керегін айтқан. Ол "әскердің күшін арттырып", "тез арада арнайы операциялар күшін құруды" тапсырған.

2022 жылы қаңтарда Жаңаөзенде сұйытылған газдың қымбаттауынан басталған наразылықтың соңы бірнеше қалада тәртіпсіздікке айналып, кемінде 238 адам қаза болған (19-ы – орган қызметкерлері мен әскерилер). Тоқаев оқиғаны мемлекеттік төңкеріске талпыныс деп атап, елде төтенше жағдай жариялады және «антитеррорлық операция» бастауды бұйырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG