Accessibility links

Ресей қазақстандық "Балқаш" торабын әуе қорғаныс жүйесіне пайдалануды тоқтатты


"Днепр" радиолокациялық станция.
"Днепр" радиолокациялық станция.

2023 жылы 16 желтоқсанда Ресей мен Қазақстан арасында қазақстандық "Балқаш" торабын Ресейдің ракета шабуылын ескерту жүйесіне пайдалану туралы келісімнің күші тоқтатылды. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"2023 жылы 16 желтоқсанда Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасында Ресейдің зымыран шабуыл туралы ескерту жүйесіне Қазақстанның Балқаш торабын беру және пайдалану тәртібі туралы келісімнің күші жойылды. Келісімге 2014 жылы 2 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған" деп жазылған Ресей СІМ хабарламасында.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресейде төрт радиолокациялық станция (Барнаул, Омбы, Армавир және Иркутскіде) салынғаннан кейін "Балқаш" торабы артық болып қалған. Ресей мүліктерін келісім күші аяқталғанға дейін көшіріп кетеді.

"Балқаш" торабы Қарағанды облысында орналасқан, 1973 жылы пайдалануға берілген және қимыл аймағындағы әуе және ғарыш кеңістігін үзіліссіз бақылауға арналған. Аталған торап Ресейдің ракета шабуылдарын ескертетін және ғарыш кеңістігін бақылайтын "Днепр" радиолокациялық станцияның бір бөлігі болған. Торапты Ресей тегін пайдаланған.

Станция қазіргі заман талаптарына сәйкес келмегендіктен Қазақстан қорғаныс министрлігі Ресей әскери бөлімін аумақтан алып кеткеннен кейін 2020 жылы "Днепр" станциясын утилизациялау туралы шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG