Accessibility links

Президенттен көмек сұраған полицейлер шағымына прокуратура реакция білдірді


Бұрынғы полиция қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап тұр.
Бұрынғы полиция қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап тұр.

Шымкентте "пара беру" күдігімен айыпты болып, жұмыстан шығарылған бұрынғы полицейлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрағаннан кейін қалалық прокуратура олардың шағымына жауап берді. Прокурор Азаттыққа берген жауабында "тергеу кезінде олардың бәрі айыпты мойындағанын" және "істі қысқарту туралы өтінішті өздері жазғанын" айтты.

Бір күн бұрын интернетте бұрынғы полицейлердің президенттен көмек сұрап жазған үндеуі тараған. Онда олар тағылған айып бойынша қайта тергеуге президенттің араласуын сұраған. Бұлар 2022 жылы "пара беру ісі" бойынша жауапқа тартылған 80-ге жуық полицейлердің бір бөлігі. Сол кезде олардың ісі қысқарып, қызметтен шететілген. Үндеуде оннан астам экс-полицей өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, қайта тергеу жүргізуді сұрайды.

Тергеу құжаттарына қарағанда, Шымкенттегі патрульдік полиция полкінің төртінші және сегізінші ротасында "парақорлық жүйелі түрде жүрген". "Рота командиріне әр инспектор күніне 5 мың теңге, 1 күндік демалыс алу үшін 2 мың теңге, бұдан бөлек айына 10 мың теңге пара беріп отырған. Ақшаны банк арқылы және қолма-қол тапсырған".

Дегенмен бұл айыппен бұрынғы полицейлер келіспейді. Олар өздеріне қарсы негізсіз іс қозғалғанын және өздерін тергеу кезінде қысыммен мойындатқанын айтты.

“Маған "75 мың теңге банк арқылы аударым жасап, пара бердің" деген айып тағылды. Бұл пара емес, ұжым болып өлім-жітімге жиналған ақша. Мысалы, рота командирінің баласы қайтыс болды. Әріптесіміз жол апатына түсіп, мерт болды. Жаназаға ақша жинадық. Басшылық балалар үйіне барып, балаларды балалар күнімен құттықтаймыз деп ақша жинады. Оған бердік. Сол ақшаның бәрін пара деп санады. Жұмыстан шығарды. Бұған келіспеймін” дейді бұрынғы инспектор Серікболсын Ибраев Азаттыққа.

Оның әріптесі Асхат Әшіров "тергеуді жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айыпты қорқытып, қысым көрсетіп мойындатты" дейді. Оның сөзінше, "бәріне бірдей мәтін ұсынып, оны көшіріп жазып, қол қоюды бұйырған. Оған көнбегендердің қолына кісен салып, тергеу изоляторына қамаймыз деп қорқытқан, моральдық қысым көрсеткен".

Бұрынғы полиция қызметкерлері құқықтарын қорғау үшін арызданбаған жері қалмағанын айтады. Бірақ нәтиже болмаған. Енді іске президент араласып, қайта тергеуге ықпал етуін сұрайды. Ақталған жағдайда жұмысқа қайта алуын талап етеді.

Ал Шымкент қалалық прокуратурасының өкілі Адай Құтымовтың айтуынша, "тергеу кезінде полицейлер айыпты мойындаған және істі қысқарту туралы өздері өтініш түсірген". Оның сөзінше, оған келіспегендер тергеу сотына жүгінген. Бірақ сот прокурордың қаулысы заңды деп тапқан. 44 адамның төртеуінің қаулысы бұзылған. Бұл істі қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот қарап жатыр.

2022 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық партульдік полицияның 80-ге жуық қызметкері тергелген іс бір жылдар соң сотқа жеткен. Нәтижесінде екі ротаның командирлері пара алды деп айыпталып, 7 жылға сотталған. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылған. «Пара берді» делінген 44 адам жұмыстан шеттетілген. Өзге отыздан аса адамның ісі жеке қаралып, кейбірі қызметтеріне қайта оралған.

"Пара берді" деп айыпталған полицейлер президенттен араша сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:55 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG