Accessibility links

Сомалиде БҰҰ тікұшағын қарулы топ басып алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сомалиде "әл-Шабаб" қарулы тобы БҰҰ-ның тікұшағын басып алды. Бортта сегіз не тоғыз адам – жолаушылар және экипаж мүшелері болғаны айтылады. Содырлар оларды кепілдікте ұстап отырғанға ұқсайды.

"Әл-Жазира" арнасының хабарлауынша, тікұшақ Сомали астанасы Могадишоға ұшып бара жатқанда техникалық ақауды байқаған ұшқыш "әл-Шабаб" бақылайтын аймақ маңына қонуға мәжбүр болған. The Washington Рost содырлар тікұшақты өртеп, жолаушыларды кепілге алды дейді.

Сомалидегі қарулы топ өкілі Хасан Әли тікұшақ бортында Сомалидің екі азаматы және бірнеше шетелдік болғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, тікұшақ қақтығыс аймағына дәрі-дәрмек жеткізуге бара жатқан. Қайтар жолда жараланғандарды алып кетуі тиіс болған.

"Әл-Шабаб" немесе "аш-Шабаб" - Сомалидегі радикал қарулы топ. Олар аймақтағы қарулы қақтығыста соғысып жатқан тараптардың бірі. Олар ресми үкіметке қарсы және аймақтың оңтүстік бөлігін бақылауында ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG