Accessibility links

БҰҰ 2024 жылы Украинаға көмекке 3,1 млрд доллар қаражат сұрайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Келесі аптада БҰҰ донорлардан Украинаға гуманитарлық көмекке 3,1 млрд доллар қаражат сұрайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма төрағасы Эдем Восорну осылай деп мәлімдеді. Украинаға гуманитарлық қолдау бойынша жылдық жоспар 15 қаңтарда таныстырылады.

"Украинадағы соғыс жалғасып жатқан шақта гуманитарлық қажеттілік те өсіп жатыр, қаржылай қолдау азаймауға тиіс" деді Ворсону.

Оның әріптесі Йенс Лерке Украинада 14,6 млн адам (халықтың 40 пайызы) гуманитарлық көмекке зәру деп мәлімдеді. Бұған қоса, әлем елдеріндегі 2,3 млн украин босқындарына да көмек қажет. Олардың қажеттіліктері де жылдық жоспарға енгізілген. Шамамен 4 млн украин азаматы, бір миллионы – бала, үйлерін тастап, ел аумағын кезуге мәжбүр болған. Леркенің сөзінше украин босқындарының жалпы саны 6,3 млн-ға жуықтайды.

Эдем Восорнудың айтуынша, Ресей басып алған Украина аймақтары ерекше алаңдатады. БҰҰ гуманитарлық миссиясы мен ұйымдары да ол жаққа кіруден қиналады.

"Әсіресе көмекке зәру майданға жақын оккупацияланған аймақта тұрып жатқан жүздеген мың адамның хәлі ерекше алаңдатады" деді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG