Accessibility links

Киевте бас прокурордың бұрынғы орынбасары және оның қызы пәтерінен өлі күйде табылды


Киевте 2000-жылдары ашылған Воздвиженка ықшамауданы.
Киевте 2000-жылдары ашылған Воздвиженка ықшамауданы.

Киевте Украина бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ольга Колинько және оның қызы Ярославаның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, екі әйел өлімінің себебі анықталып жатыр. Бұл жөнінде 10 қаңтарда кешке ұлттық полиция дереккөзіне сүйенген "Интерфакс-Украина" жазды.

Ақпаратқа қарағанда, әйелдердің денесінен күш қолдану белгілері табылмаған, пәтерлері іштен кілттенген. Болжам бойынша, анасы мен қызы әр уақытта өлген: Ольга Колинько – шамамен екі ай бұрын, қызы үш апта бұрын мерт болған.

Мәйіттер сот-медицина сараптамасына берілген. Нәтижесіне қарай шешім қабылданады.

Ольга Колинько Украина бас прокурорының орынбасары қызметін 1993 – 2000 және 2003 - 2005 жылдары атқарған. Украинаны Леонид Кучма басқарып тұрған тұста 2001-2003 жылдары ол ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комитетке жетекшілік еткен.

XS
SM
MD
LG