Accessibility links

HRW: Өзбекстанда адам құқығы ахуалы нашарлап кетті


Түрмеден босап шыққан блогерлер Гайдаров және Фазылходжаев.
Түрмеден босап шыққан блогерлер Гайдаров және Фазылходжаев.

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы дайындаған баяндамада 2023 жылы Өзбекстанда адам құқығы жағдайы нашарлағаны айтылады.

Human Rights Watch баяндамада Өзбекстанда былтыр блогерлер мен журналистерге қысым күшейгенін, Қарақалпақстанда 2022 жылғы оқиғада адам құқықтарын бұзғандар жазадан құтылып кеткенін, президент Шавкат Мирзияевқа қайта сайлануға мүмкіндік берген конституциялық реформаларды атап өткен.

«Әділет министрлігі тәуелсіз құқық қорғау топтарын тіркеуден бас тартуды доғармады. Бір жыныстылардың қатынасқа түсуін қылмыстық қудалау әлі жойылған жоқ. Ұрып-соғу, азаптаулар жазасыз қалып барады» деп жазылған баяндамада.

2023 жылғы сәуірде Өзбекстанда отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапты күшейтуді, әйелдер мен қыздарды қорғауды көздейтін заң қабылданғанымен, тұрмыстағы зорлық-зомбылық азаймаған.

Ұйым баяндамасында былтыр 9 шілдеде өткен президент сайлауында демократия қағидалары сақталмағаны айтылған. ЕҚЫҰ миссиясы мен АҚШ елшілігі президент сайлауында «бәсеке болмағанын» атап өткен.

Халықаралық ұйым үкімет «Ақиқат, даму және бірлік» демократиялық партиясын ресми түрде тіркемей отырғанын, партия жетекшісі Қыдырназар Аллақұлов сайлаудан шеттетілгенін, сонымен бірге саясаткер мен басқа да белсенділерге қысым көрсетілгенін жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG